Кеңесарық елді мекенінің
Б.Биболатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің тарихы
- ХІХ ғасырдың соңында Қарасора (1870ж. шамасы) екі мешіт көпке қызмет еткен. Бірін Бекасыл Биболатұлының ұйытқы болуымен ашқан, екіншісін Қайыпұлы Аманбай деген ашқан. Аманбайдың жолын ұлы Құдайменді (Түлкі атамыз) жалғастырып, имандыққа Әулие Ата (Тараз) маңындағы Қаракемерден Қарсыбай деген кісіні алдырып, бала оқытқан.
- Бұл төскейде кеңестік үлгідегі мектеп Сайрамсу ауылында, Досалы бидің үйінде ашылған. Мұнда 12 ұл бала мен 1 қыз бала білім алған. Осы мектепте 1921-1922 жылдары Нәтбай Ақбердиев, 1922-1934 жылдары Смайыл Ахметов ұстаздық еткен. Сайрамсу ауылында 1921-1922 жылдары сауатсыздықты жою пункті ашылып (Ликбез) онда Әмірхан Мырзабаев сабақ берген. «Жерген талда» 1922 жылы Еркебай деген кісінің ат қорасында ашылған. Онда әулие аталық Әлішер деген кісі ересектерге сауат ашқызған.
- Кеңесарықта 1930 жылы бастауыш мектеп ашылды, алғашқы мұғалімі Тұтқышбайұлы Көлбай болған. Ал 1934-1937 жылдары Смайлов Айтбай (Ұзынарық ауылынан) басшылық еткен. Осы мектепте 1936 жылы Егеубаев Әшірбай сабақ берген. Мектеп 1937 жылы 8 жылдық мектепке айналды Бердікейев Нәсіл директор болған.
- Кеңесарық мектебінде Сәрсенов Ақыл, Досаев Шағбан (1942-1943ж.ж) директор болған.
- Соғыс жылдарында мектеп үйі өртеніп, сабаннан салынады.1943-1944 ж.ж Спатаев Керімбай деген азамат директор болған.
- 1973 жылы басталған 300 орындық 8-жылдық мектептің ғимараты 1974 жылы пайдалануға берілді
- 1944-1974 жылдар аралығында Ниязқұлова Жұмақыз, Спатаева Ұлжан, Байзақова Оспан, Кембаев Арапбай. Омаров Егенбай 1974-1977ж . Дүйсебаев Исатай 1977-1984ж. Ибрагимов Шардар 1984-1989 жылдары Кеңесарық мектебінің директоры болған. Мектеп 1989 жылы орта мектепке айналды. Қазіргі мектеп үйі 1991 жылы салынды. 2000жылы мамыр айының 24 жұлдызында жаңа мектептің ғимаратына И.Тасмағанбетовтың №775 қаулысымен Бекасыл Биболатұлы аты берілді.
- 1998-2000 ж Оспанов Шәріп, 2000-2001 ж Султанов Асқар, 2001-2006ж Исақұлов Әбдібек,
- 2006-2011 ж Кемелов Бақытжан 2011-2014ж Пернеев Ертай Бекасыл Биболатұлы мектебінің директоры болған.
- 2014 жылдан мектеп директоры Жунисбеков Нұралы Жақсылықұлы.
Мектептүлектері
- Исақұлов Ержан Бекбауұлы. 2001 ж ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 2007-2011 ж.ж.Парламенті Мәжілісінің депутаты. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.
- Тұрабаев Жалықұл 1999 жылы «Асбоцемконструция» ААҚ басқарма төрағасы болып қызмет атқарған.
- Күмісов Ырысбек. Кеңесарық ауылына мешіт салдырған.
- Кембаев Әсет. Аудандық мәдениет бөлімін ұзақ жыл басқарған. Аудан тарихы бойынша бірнеше кітаптың авторы.
- Тшан Амалбек Қозыбақұлы қоғам қайраткері. Экономика ғылымдарының докторы.
- Ақынбеков Еркінбек Қамбарұлы Техника ғылымдарының докторы, профессор.
- Зайтбеков Ермек ветеринария ғылымдарының кандидаты.
- Асенов Темірхан Білім беру ісінің үздігі.Ұзақ жылдар елеулі еңбек еткен ардагер ұстаз,елеулі еңбегі үшін төс белгісімен марапатталған.
- Ақынбеков Амзебек Алматы облыстық маслихатының депутаты. Ауылшаруашылық ғылымының кандидаты, Қазақ ауылшаруашылық академиясының құрметті профессоры. Республикалық Нұр Отан партиясының ауылшаруашылығы министрлігінің және облыс әкімі, аудан әкімінің алғыс хаттарымен еңбектегі жетістіктері үшін марапатталған.
- Пардабеков Нәсілбек Мырзақозыұлы «Үздікұстаз-2019» Номинациясымен марапатталған. Елеулі еңбегі үшін Ы.Алтынсарин төсбелгісімен марапаталған.
- Асенов Батыр Темірханұлы. Кәсіпұйымының төрағасы. Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер төсбелгісімен марапатталған