Түркістан облысы, Төлеби ауданы білім бөлімінің Б. Биболатұлы атындағы ЖББМ 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! 🇰🇿 Бүгінгі мереке – еліміздегі татулық пен ынтымақтың, достық пен сыйластықтың жарқын көрінісі. Біздің мемлекет – түрлі ұлт пен мәдениеттің басын қосқан, бірлік пен түсіністіктің үлгісін көрсететін мемлекет. Оқушыларымыз бір шаңырақ астында білім алып, бір-біріне құрметпен қарап, болашаққа нық қадам басуда. Бұл – біздің ортақ жетістігіміз бен мақтанышымыз. Осы айтулы күні барша ұстаздар мен оқушыларға, ата-аналарға зор денсаулық, бақыт, бейбіт өмір тілейміз! Елімізде әрдайым бірлік пен келісім салтанат құрсын!