Түркістан облысы, Төлеби ауданы білім бөлімінің Б. Биболатұлы атындағы ЖББМ 08.04.2026 ж. күні Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 11-сынып оқушыларына арналған «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру.