Түркістан облысы, Төлеби ауданы білім бөлімінің Б. Биболатұлы атындағы ЖББМ. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы - әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Адамзат үшін ең қымбаты болған отбасының атаулы датасына орай дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Лесбеков Анарбек және педагог- ұйымдастырушы Аширова Мөлдірдің ұйымдастыруымен мектебімізде 3а және 3ә сыныптары арасында отбасылық "Толағай" атты фестивалі болды.
Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.236): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/tolebi-bibolatuly.edugov.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46