Түркістан облысы, Төлеби ауданы білім бөлімінің Б. Биболатұлы атындағы ЖББМ КММ-де ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бағдарламасына сәйкес "Логикалық
ойлауды үйрену" тақырыбында 1-4 сынып оқушыларының ата-аналарымен практикалық консультация беру ойлау табыстың негізі ретінде сабақ өткізілді.
Мектебіміздің психологы Н. Баялиев сөз алып, ата-аналардың балаларына логикалық ойлаудың негізгі аспектілерін, балаларға осы шеберлікті дамытуға көмектесу тәртібі туралы және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту керек екені жөнінде атап өтті.
Мектептің әлеуметтік педагогының м.у.а А. Құдайбергенова "Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас және баланың эмоционалды қажеттілігін түсіну" тақырыбында тренинг жасады.
Сонымен қатар жиналыстың өтуіне жауапты апайларымыз бірлесе отырып ата-аналармен тренингтер жүргізіп, қосымша ақпараттар беріп, ата-аналар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Жиналыс соңында жиналысқа қатысқан ата-аналар бірауыздан ырзашылықтарын білдірді.