Түркістан облысы, Төлеби ауданы Б. Биболатұлы атындағы ЖББМ
Бұл - ата жолын жалғап келе жатқан асқақал аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің келіп жеткен мерекесі. Осы өмір жолында барлығымызға қатысы бар мерейлі шақ.
1-қазан күні біз ел болып Қарттар күні мейрамын тойлаймыз. Асылы, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету - ата-бабадан келе жатқан қасиет-салтымыз. Қарттары бар ел - қазыналы ел.
Ендеше, көпті көрген асыл қарттарымыз бақытты күн кешіп, қай кезде де халқына - сүйеу, жұртына қамқор боп, жүздерінен қуаныш пен күлкі кетпей, балалары мен немерелерінің қызығып көріп, аман-сау күн кешкей.
Ал біз қолымыздағы алтынымыздың, еш байлыққа тең келмейтін асылдарымыздың қадірін біліп, олардың барына шүкіршілік етейік. "Атасыз үй - батасыз, ал анасыз үй - панасыз" дейді қазақ. Осы күйге түсуден сақтасын бізді!
Осы мерекеге орай Қасқасу ауылдық округінің әкімі Маткаримов Бекен Сапарбекұлының ұйымдастыруымен ауылдық мәдениет үйінде Қасқасу ауылдық округінің қарияларын құттықтау мақсатында мерекелік шара өтті. Қарияларымызға демеушілердің есебінен сыйлықтар табысталды.