Түркістан облысы, Төлеби ауданы білім бөлімінің Б. Биболатұлы атындағы ЖББМ
19.01.2026 ж мектебімізде "Баланың бас ұстазы ата-ана" тақырыбында жалпы мектепшілік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыста қаралған мәселелер:
1. Баяндама
2. ІІ тоқсанның қорытындысы
3. І жарты жылдықтағы ғылыми жоба, олимпиада, шығармашылық жұмыстар есебі.
4. І жарты жылдықтағы тәрбие жұмыстарының есебі. Ұсыныстар
5. Әртүрлі мәселелер.
Осы жоғарыда аталған мәселелер бойынша баяндаманы мектептің ұйымдастырушы педагогы Мөлдір Аширова, ІІ тоқсанның қорытындысы бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Мыңбаев Әмірбек,
І жарты жылдықтағы ғылыми жоба, олимпиада, шығармашылық жұмыстар есебін директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары Ләззат Алсеитова, І жарты жылдықтағы тәрбие жұмыстарының есебін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұркен Кашкинбаев оқып, баяндама жасады.
Соңғы бесінші әртүрлі мәселе бойынша мектептегі ақша жинау фактілерінің алдын алу, мектепте телефон ұстауға тыйым салу ұсыныстары осы мәселеде қаралды.