Түркістан облысы, Төлеби ауданы білім бөлімінің Б. Биболатұлы атындағы ЖББМ коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
17.09.2025 ж 10-11 сынып ұлдарымен “Болашақ сарбаздар - елдің тірегі” атты сынып сабақ өтілді. Сабақ күзгі әскерге шақыру науқанының медия-жоспарын іске асыру мақсатында өткізілді.
Ашық сабақты алғашқы әскери дайындық сабағының жетекшісі Асенов Батыр өткізді.
Мақсаты: Отанға деген сүйіспеншіліктің маңыздылығы мен жауапкершілігін, әскери қызметтің маңыздылығын түсіндіру. Елге деген ыстық ықылас пен оның болашағы үшін жауапкершілікті сезінуге баулу. Жас ұрпаққа әскери қызметтің қасиетті екендігін ұғындыру.