Түркістан облысы, Төлеби ауданы білім бөлімінің Б. Биболатұлы атындағы ЖББМ
Төлеби АПБ ЖПҚБ УПИ полиция капитаны Маметов Ағдарбек Мықтбекұлы және полиция капитаны Манап Ғалымжан Мухидинұлы "Адал азамат" Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебіміздің 8-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырып, буллинг және кибербуллинг, түнгі уақыттарда көшеде жүру, рұқсатсыз көлік жүргізу, сабақтан себепсіз қалу және де басқа құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.