ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК — УАҚЫТ ТАЛАБЫ!
Б. Биболатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушылары "Қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық диктант – FinIQ 2025" жобасына белсене қатысты.
Диктант барысында оқушылар қаржылық алаяқтықтан қорғану, жеке қаражатын дұрыс басқару және қауіпсіз шешім қабылдау дағдыларын көрсетті.
Мектеп оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, қатысушы сертификаттарына ие болды!
Осындай танымдық жобалар оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттырып, өмірде кездесетін түрлі қаржылық жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйретеді.