"Адал азамат біртұтас тәрбие" бағдарламасы "Балалар кітапханасы"жобасы аясында "Балалар әдебиеті рухани тәрбие бастауы" атты онкүндік іс -шара негізінде Бекасыл Биболатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде Қасқасу аймақтық мектеп кітапханашыларының ұйымдастырумен "Қазіргі жастардың рухани құндылықтары гаджеттерге тәуелді ме? " атты пікірталас өткізілді.
Мақсаты: Жастардың рухани құндылықтарының деңгейін анықтау, гаджеттердің олардың ойлауына мінез - құлқына өмірлік ұстанымына әсерін талдау сондай-ақ ,технология мен рухани дамудың арасындағы терең тепе- теңдікті сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.
Іс - шара барысында аймақ мектебінің кітапханашылары мен оқушылары бас қосып, рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған мағыналы бағдарламаның куәсі болдық.
Пікірталасқа Б.Биболатұлы,Б.Түлкиев, Т.Тоғысбаев, Майбұлақ мектептерінің оқырмандары қатысты. Әр топ өз ойларын нақты дәлелдермен жеткізе білді.
Пікірталас қорытындысы бойынша
1 орын Б.Биболатұлы ЖББМ
мектебі,
2 орын Б.Түлкиев ЖББМ мектебі,
3 орындар Т.Тоғысбаев ЖББМ және Майбұлақ ЖББМ мектептері алды.
Қорытындылай келе гаджет тек құрал.Ол адамның қалай қолдануына байланысты пайдалы да, зияны да болуы мүмкін.Сондықтан әрқайсымыз гаджеттерді дұрыс пайдаланып, құндылықтарымызды сақтай білуіміз керек.