10 қазан 2025 жыл
«Ханарық жалпы білім беретін мектебі» КММ
Бүгін мектебімізде «Тәрбие одағының» кезекті жиналысы өтті.
Күн тәртібінде – мектеп оқушылары арасында «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясының алгоритмін түсіндіру, буллинг, кибербуллинг және лудоманияның алдын алу мәселелері қарастырылды.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша ДТІЖО А.Усманов сөз алып, жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша өз ұсынысын айтты. Осы мәселелердің алдын алу барысында сынып жетекшілерінің рөліне тоқталды. Түркістан облысы прокуратурасы Дәулет Тлемисовтің «Қауіпсіз балалық шақ» авторлық бағдарламасы туралы бейнеролик көрсетілді.
Мектеп психологы Х.Қаратаев оқушыларға зорлық-зомбылықтың алдын алу, психологиялық көмек қажет болған жағдайда кімдерге жүгіну керектігі туралы айтты. Төлеби аудандық ауруханасының мамандарының көмегіне жүгіну жолдары түсіндірілді, оқушылармен сауалнама жүргізіліп, бейнеролик көрсетілді.
Әлеуметтік педагог м.у.а. А.Рахмеджанов оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, балаларға зорлық-зомбылық көрсетпеу және олардың күшімен, еңбегімен пайдалану туралы айтты.
Мектеп медбикесі М.Ахатов оқушыларға жыныстық тәрбие және ерте жүктіліктің алдын алу туралы айтты, оның зияны мен ағзаға әсерін түсіндірді.
Шешім:
Көрілген мәселелерге сәйкес зорлық-зомбылықтың, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша «Тәрбие одағы» мен ата-аналар бірлесе жұмыс атқаратын болды.
«Тәрбие одағы» мүшелері профилактикалық жұмыстарды өз уақытында жоспарға сай жүргізсін.
#Ханарықмектебі
#Тәрбиеодағы
#ҚауіпсізБалалықШақ
#БуллингкеҚарсымыз
#КибербуллингкеЖолЖоқ #ЖасөспірімҚауіпсіздігі
#СалауаттыӨмірСалты
#БіргеАлдынАламыз