Түркістан облысы, Төлеби аудандық білім бөлімінің Б. Биболатұлы атындағы ЖББМ
2 ақпан — сайлау күніне орай «Қазақстан Республикасындағы сайлау» тақырыбында 9 сынып оқушыларымен Сайлау заңнамасын білуге арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға сайлау тәртібі, дауыс беру үдерісі, сайлауға қатысу шарттары туралы жан-жақты мәлімет беру, олардың саяси-құқықтық сауаттылығын арттыру.
Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, белсенді пікірталас жүргізді. Нәтижесінде білім алушылардың азаматтық көзқарасы қалыптасып, саяси сауаттылығы арта түсті.