6 мамыр күні мектебімізде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері күні мерекесіне орай қыздар арасында «Ер жігіт – ел қорғаны» тақырыбында мерекелік сайыс өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, Отанға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін оқушылардың бойына сіңіру, сондай-ақ ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайту болды.
Сайыс барысында қатысушы қыздар өз өнерлерін, тапқырлықтарын, шеберліктері мен білімдерін ортаға салды. Әртүрлі кезеңдер бойынша сынға түсіп, әскери-патриоттық бағыттағы өнерлерін көрсетіп, түрлі сайыстар мен тапсырмалар бойынша бақ сынасты. Мерекелік кешке мектебіміздің ардагер ұстаздары қатысып, оларға құрмет көрсетіліп, сый-сияпаттар табысталды.
Іс-шара соңында әділқазылар алқасының шешімімен үздік қатысушылар анықталып, Бас жүлде, І орын, ІІ орын және ІІІ орындармен марапатталды. Сайыс жоғары деңгейде өтіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
<iframe width="100%"" height="380" src="https://www.youtube.com/embed/9kpXLeNsAD8" title="«Ер жігіт – ел қорғаны» тақырыбында мерекелік сайыс" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" referrerpolicy="strict-origin-when-cross-origin" allowfullscreen> <iframe width="100%"" height="380" src="https://www.youtube.com/embed/hmXc1907OQE" title="«Ер жігіт – ел қорғаны» тақырыбында мерекелік сайыс" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" referrerpolicy="strict-origin-when-cross-origin" allowfullscreen>