Ұстаз – мәңгілік шамшырақ!
«Ханарық жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде
«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік!» тақырыбымен асыл ұстаздарға құрмет көрсетілді.
Салтанатты жиында мектеп директоры
Ғ. Аширбаев ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбектері үшін алғысын білдірді.
Бұл мерекелік басқосуға көп жылдар бойы мектеп қабырғасында тер төккен ардагер ұстаздар да арнайы шақырылды. Олар жас мұғалімдерге ақ батасын беріп, жүрекжарды тілектерін арнады. Ардагер ұстаздардың өнегелі әңгімелері ұстаздық жолдағы адалдық пен табандылықтың жарқын үлгісін паш етті.
Сондай-ақ мерекеге орай бірқатар ұстаздарымыздың еңбегі еленіп, алғыс хаттармен және марапаттармен құрметтелді. Бұл – ұстаз еңбегіне берілген лайықты баға.
Ұстаз – шәкірт жүрегіне нұр құйып, болашаққа жол ашатын ұлы тұлға.
Барша ұстаздарға денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріңіздің жемісін көруден асқан бақыт тілейміз!
Ұстаздар күні құтты болсын!
#ҰстаздарКүні
#ҰстазАтыБиікӘріМәңгілік
#ХанарықЖББМ