Түркістан облысы, Төлеби ауданы білім бөлімінің Б. Биболатұлы атындағы ЖББМ Білім күні құтты болсын! 1 қыркүйек – жаңа оқу жылының бастауы, білім мен ізденістің, үміт пен армандардың мерекесі. Бұл күн – әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндер, болашақ студенттер мен жас мамандар үшін ерекше маңызды. Осы мерекеге орай мектебімізде Алғашқы қоңырау "Мектебім- мейірім мекенім" атты салтанатты жиын өткізілді. Іс-шараны мектеп директоры Н. Пардабеков ашып, оқушылар мен ұстаздарға оқу жылы барысында табысты білім мен шығармашылық еңбек тілеп, марапаттау рәсімін өткізді. Жиынға ауыл биі Манкеев Ақылбай, ардагер ұстаз Асенов Темірхан, ауыл ақсақалы Жолдасов Шілдерхан ағаларымыз қатысты.