Түркістан облысы, Төлеби ауданы білім бөлімінің Б. Биболатұлы атындағы ЖББМ
Мектебімізде 25.05.2026 соңғы қоңырауға арналған салтанатты іс-шарасы өтті.
Іс-шараға ауылымыздың ардагер ұстаздары Асенов Темірхан, Пернеев Ертай, Сейтбеков Жолымбек, Қамбаров Сатқұл және Табризова Халима қатысып, түлектерге ақ баталарын беріп, сәттілік тіледі. Сонымен қатар ауыл биі Манкеев Ақылбай, әкімшілік өкілі Өтебаев Мұхтар қатысып, оқушыларға ізгі тілектерін білдірді. Әкімшілік атынан бірқатар ұстаздар мен оқушыларға мақтау қағаздары табысталды.
Мектеп директоры сөз сөйлеп, «Заң және тәртіп» аясында баяндама жасап, оқу жылы бойынша жетістікке жеткен оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттады. Сонымен қатар ұстаздарға алғыс хаттар табысталды.
Салтанатты шара барысында түлектер өз өнерлерін көрсетіп, бастауыш сынып оқушылары мен бірінші сынып бүлдіршіндеріне сыйлықтар таратты. Ән айтып, би билеп, мектеппен қоштасудың әсерлі сәттерін сыйлады.
Соңғы қоңырау салтанатты іс-шарасы көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, өз деңгейінде ұйымдастырылды.