Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Название сайта
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/tolebi-bibolatuly.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
Түркістан облысы, Төлеби ауданы білім бөлімінің Б. Биболатұлы атындағы ЖББМ
Мемлекетіміздің Қарулы күштері күніне орай мектебіміздің оқушылары Қасқасу ауылындағы әскери бөлімшеге экскурсия жасап қайтты. Бұл тағылымды сапар барысында оқушылар әскери өмірдің тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.
Экскурсия кезінде олар түрлі әскери жаттығуларды тамашалап, заманауи қару-жарақ түрлерімен танысты. Сонымен қатар, әскери бөлімшенің асханасы мен жатын орындарын көріп, сарбаздардың күнделікті өмірімен танысты. Кино залда арнайы көрсетілімдер арқылы әскери техникалар мен дайындық барысы жайлы мағлұмат алды.
Оқушылар бірнеше жаттығу алаңдарындағы әскери қызметкерлердің жұмысын өз көздерімен көріп, ерекше әсерге бөленді. Бұл экскурсия олардың Отан қорғау ісіне деген қызығушылығын арттырып, патриоттық сезімдерін нығайта түсті.