Түркістан облысы, Төлеби ауданы білім бөлімінің Б. Биболатұлы атындағы ЖББМ Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтарын қорғау және олардың әл-ауқатын қамтамасыз ету жүйесін ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-ресурстық қамтамасыз ету бағытындағы орта білім саласындағы қызметтерді жүзеге асыру аясында, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік тапсырмасын орындау мақсатында, мектебімізде «Менің сыныбым буллингке қарсы» челленджін өткізілді. Мақсаты – оқушылардың физикалық және психологиялық қауіпсіздік мәселелеріне саналы түрде қарауына көңіл аударту. Іс-шара балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға ықпал етуге, сондай-ақ оларды достыққа, өзара түсіністікке және бір-біріне қолдау көрсетуге ынталандыруға бағытталған.