Түркістан облысы, Төлеби ауданы білім бөлімінің Б. Биболатұлы атындағы ЖББМ
"Адал азамат біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында дін мәселелерін зерттеу орталығымен бірлесе отырып, дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында "Шет елде діни білім алудың қауіптілігі" және этносаралық қарым қатынас, нашақорлық құмар ойын, әлімжеттік, құқықбұзушылық тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің маманы дінтанушы Қ.Мырзабай, Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы А.Құрманалиев, аудандық білім бөлімінің маманы Ә.Дарганова, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ-нің Төлеби аудандық филиалының маманы Ж.Еркінбек қатысты.
Кездесудің мақсаты — оқушылардың діни сауаттылығын арттыру, теріс діни ағымдардан сақтандыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Шара барысында білікті мамандар дәстүрлі емес діни ағымдардың белгілері, оларды тану жолдары және алдын алу шаралары жайында толық мағлұмат берді.
Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі түсінікті жауаптар беріліп, ашық диалог форматында өтті.
Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың діни сауатын арттырып қана қоймай, рухани қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімі