Түркістан облысы, Төлеби ауданы білім бөлімінің Б. Биболатұлы атындағы ЖББМ
«Шуақты жаз – 2026» мектеп жанындағы жазғы лагерьінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында әр топ оқушылары арасында «Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы» тақырыбында сурет байқаулары өткізіліп, балалар өз шығармашылық қабілеттерін танытты. Сонымен қатар, Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранға құрмет көрсету мақсатында түрлі челлендждер ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты.
Шара барысында балаларға мемлекеттік рәміздердің маңызы мен тарихы туралы мәліметтер беріліп, олардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.
Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіз еліміздің қасиетті белгілері. Оларды құрметтеу – әрбір азаматтың парызы. 🇰🇿
«Шуақты жаз – 2026» лагерінің тәрбиеленушілері Отанға деген сүйіспеншіліктерін шығармашылық жұмыстар мен белсенді қатысулары арқылы тағы бір мәрте дәлелдеді.