Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Название сайта
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/tolebi-bibolatuly.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Төлеби ауданының білім бөлімінің Бекасыл Биболатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі. Мектебімізде 04.09.2025 ж «Спорт» кешенінің ашылу салтанаты болды. Қазақстанның негізгі бағыттарының бірі ретінде білімі мен білігі жағынан шетелдердегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, сонымен қатар, бойында ұлттық рухы сақталған, отаншылдық рухы кемел Қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеуге заманауи жаңа спорт кешені «АҚСУ –ҚУАТ» ЖШС жеке демеушілігімен ашылып, жас ұрпаққа сыйға тартылып отыр. Ашылу салтанатына өңіріміздің құрметті азаматтары қонаққа келді. Атап айтар болсақ: 1. Төлеби ауданының әкімі Алимкулов Еркеғали Амантайұлы 2. ҚР ҰҚК қызметкері, генерал-майор, саяси ғылымдарының докторы: Исақұлов Ержан Бекбауұлы. 3. ҚР Парламенті сенатының депутаты, қоғам қайраткері Жылқышиев Болат Әбжаппарұлы 4. Филилогия ғылымдарының докторы, профессор Қазақстан жазушылар одағының хатшысы , Алаш сыйлығының иегері Әбдезұлы Қансейіт 5. «Маркетинг - су» ЖШС директоры, мемлекет және қоғам қайраткері Анарбек Оңғарұлы Орманов 6. Түркістан облысының «Аманат» партиясының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев 7. Түркістан облысының көкпар федерациясының президенті Ахметбаев Ғани Молдабекұлы 8. Төлеби ауданының білім бөлімінің басшысы: п.ғ.д. профессор, академик Тойлыбаев Бекайдар Адамбекұлы 9. Аудандық маслихат депутаты Манкеев Талғат Өткелбайұлы 10. Шымкент қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Өмір Шыныбекұлы 11. «Парасаттық Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қозыбақов Тұрлыбек Өмірбекұлы 12. «Алтын орда – капитал қоғамдық қорының президенті», тарихшы – этнолог Мұхитхан Үмбетұлы Осы аталған спорт кешенінің салынуына демеушілік танытқан Жылқышиев Болат Әбжаппарұлына «Кеңесарық» ауылының атынан ат мінгізіліп, шапан жабылды. Осы кешеннің салынуына атсалысып жрген ағаларымызға да сый-сиапаттар тарту етілді. Келген қонақтарымыздың тарапынан да ашылып жатқан кешенімізге, спорт кешеніне қол ұшын беріп, атсалысып жүрген азматтарға сыйлықтар табысталды!!! Іс – шараны ұйымдастырып, тірліктің ұйтқысы болып жүрген Төлеби ауданы білім бөлімінің басшысы Тойлыбаев Бекайдар Адамбекұлына, Кеңесарық ауылының биі Манкеев Ақылбай Өткелбайұлына және Қасқасу ауылдық округінің әкімі Маткаримов Бекен Сапарбекұлына алғыс білдіреміз.