«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» жобасы аясында және "4 ақпан - Дүниежүзілік қауіпсіз интернет күніне" орай тәрбие сағаттары өтті
Білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, интернет кеңістігін қауіпсіз әрі тиімді пайдалануға бағыттау мақсатында мектебімізде «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» жобасы аясында бірқатар тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
3 сыныпта – «ТикТок, Инстаграм және менің уақытым» видеороликтер;
8 сыныпта – «Әлеуметтік желілер: пайдасы мен зияны» тақырыбындағы тәрбие сағаттары;
10- сыныпта – «Жалған ақпараттың жетегінде кетпе!» тақырыбына эссе жұмысы;
Тәрбие сағаттары оқушылардың саналы интернет қолданушысы болып қалыптасуына және цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытуға бағытталды.