Төлеби аудандық білім бөліміне қарасты "Ханарық жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Мектеп парламенті Өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлауы өткізілді. 2025-2026 оқу жылында сайлауда Мектеп Президенттігіне 3 үміткер өз бағдарламасын ұсынып сайлауға түсті .7-11 сынып оқушылары өз дауыстарын беріп, нәтижесінде ұпай санының көптігімен 10- А сынып оқушысы Зухритдинова Самира Мектеп Президенті болып сайланды
Мектеп басқару ұйымының негізгі мақсаты - оқушылардың мектепті басқаруға қатысу құқықтарын жүзеге асыру, жарқын ұйымдастырушылық қасиеттері бар жеке тұлғаны тәрбиелеу, өз бетімен шешім қабылдай алатын, жауапты және тәртіпті, дербес таңдау жасауға дайын, белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасқан қабілетті көшбасшы тәрбиелеу болып табылады.
Аға тәлімгер: Юсупова Зилола
#Біртұтас_тәрбие
#oqu_agartu_ministrligi
#gani_beisembayev
#medetbekovameruert
#өзін_өзі_басқару
#самоуправление
{gallery}alim/21{gallery}