Түркістан облысы, Төлеби ауданы білім бөлімінің Б. Биболатұлы атындағы ЖББМ
30.01.2026 жылы «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, қоғамдағы тәртіптің маңызы, құқықтары мен міндеттері туралы мәліметтер беріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары түсіндірілді.
Түсіндірме жұмыстары оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға деген құрметін арттыруға ықпал етті.