Түркістан облысы, Төлеби ауданы білім бөлімінің Б. Биболатұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың және интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында оқушылар мен педагогтарға арнайы профилактикалық бейнефильмдер көрсетілді.
Атап айтқанда, прокуратура органдарының үйлестіруімен түсірілген «Закладчики. Мать» деректі фильмі ұсынылып, қоғамдағы өзекті мәселелердің алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында «Дроп» атты қысқаметражды профилактикалық фильмі көрсетілді.
Шара барысында қатысушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және заң бұзушылықтың алдын алу жөнінде маңызды ақпараттар берілді.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.