Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Название сайта
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/tolebi-bibolatuly.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz
2026 жылғы 28 сәуір күні Түркістан облысы, Төлеби ауданы білім бөлімінің Б. Биболатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде информатика пәні онкүндігі аясында «ЖИ мұғалімге мүмкіндік, оқушыға шабыт» тақырыбында аймақтық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жасанды интеллектіні білім беру үдерісінде тиімді қолдану жолдарын талқылау, оның басқару аспектілері мен артықшылықтарын айқындау, сондай-ақ ЖИ қолданудың өзекті мәселелері мен болашағы жөнінде пікір алмасу болды.
Мазмұнды кездесуге аймақ мектептерінен 17 педагог пен мектептің 8-сынып оқушылары арасынан 12 білім алушы қатысты. Шара барысында қатысушылар жасанды интеллектінің білім сапасын арттырудағы рөліне ерекше назар аударды.
Дөңгелек үстелде Б. Биболатұлы атындағы ЖББМ информатика пәні мұғалімі А. Ауелбекова «ЖИ мұғалімге мүмкіндік, оқушыға шабыт» тақырыбында мазмұнды презентация ұсынып, қатысушылар арасында қызықты «Ғажайып алаң» танымдық ойынын өткізді.
Сонымен қатар, Мәдени ЖББМ информатика пәні мұғалімі Назар Лаура өз оқушыларымен бірге жасанды интеллектке қатысты практикалық жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Ал Қасқасу ШЖЖББМ мұғалімі Есжанов Ғалымжан «Жасанды интеллект – сапалы білімге бастар жол» тақырыбында баяндама жасап, заманауи технологиялардың білім саласындағы маңызын жан-жақты ашып көрсетті.
№2 Ш. Уәлиханов атындағы мектептің информатика пәні мұғалімі Орынбекова Индира «ЖИ дәуіріндегі білім: мұғалімнің құралы, оқушының шабыт көзі» тақырыбында дебат сабақ өткізіп, қатысушылар арасында еркін пікірталас алаңын қалыптастырды.
Шараның ерекше бөлігінің бірі – мектептің 11-сынып оқушысы Жақсылық Гүлденнің «Голограмма жасау» тақырыбындағы ғылыми жобасын таныстыруы болды. Оқушының ізденісі мен шығармашылығы көпшілік тарапынан жоғары бағаланды.
Кездесу соңында қонақтар мен оқушылар жасанды интеллект жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салып, кері байланыс жасап, өзара тәжірибе алмасты.
Аталған іс-шара – білім беру жүйесінде цифрлық технологияларды тиімді енгізу мен мұғалімдердің кәсіби дамуына серпін беретін маңызды алаң болды.