Түркістан облысы, Төлеби ауданы білім бөлімінің Б. Биболатұлы атындағы ЖББМ
Мектебімізде "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Зорлық зомбылыққа қарсы 16 белсенді күн" халықаралық кампаниясын өткізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес төмендегідей шаралар өтілді
1. Әлеуметтік-психологиялық диагностика жүргізу. Мектепте жанжал тудыратын себептер мен факторларды анықтау.
2. «Менің мектебім буллингке қарсы» челленджі. Білім беру ұйымдарында оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту.
3. «Қауіпсіз орта – сенім мен сыйластық мектебі» тренинг. 1–11 сынып оқушыларына әлімжеттік (буллинг) жағдайына тап болған кезде әлеуметтік-эмоциялық дағдыларын жүйелі түрде дамыту, өзін ұстау ережелерімен таныстыру.
4. «Қауіпсіз балалық шақ» көркем сурет байқауы . Жасөспірімдерге қатысты келеңсіз жағдайлардың алдын алу.
5. «Әрқашан күн сенбесін» тақырыбында сурет байқауы. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, бейбіт өмірдің, мейірім мен қуаныштың құндылықтарын өнер арқылы жеткізуге қалыптастыру.
6. «Қауіпсіздік шұғыласы» тақырыбында шығармалар байқауы.
Жасөспірімдерге қатысты келеңсіз жағдайлардың алдын алу.