Білім күні құтты болсын!
1 қыркүйек – жаңа оқу жылының бастауы, білім мен ізденістің, үміт пен армандардың мерекесі.
Түркістан облысы, Төлеби ауданы білім бөлімінің «Ханарық жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде “Мектебім – мейірім мекенім” атты Алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті.
Іс-шараны мектеп директоры Ғ.Аширбаев ашып, барша оқушылар мен ұстаздарға жаңа оқу жылында табыс, білім жолында сәттілік пен шығармашылық шабыт тіледі. Сонымен қатар, озат оқушылар мен үздік ұстаздар марапатталды.
Жиынға құрметті қонақтар – Тасарық ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұрлан Қалтаев, ауыл ақсақалдары мен ата-аналар қатысып, жүрекжарды құттықтауларын жеткізді.
Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын!
#Ханарық_жалпы_білім_беретін_мектеп
#Ханарық_7_құнды_жоба
#Моо_Шамшырак
#Шамшырақ_ЖҚБ
#Шамчироқ_уюшмаси
#Ханарық_өзбек_этномәдени_орталығы
#Хонариқ_қишлоғи_узбек_миллий_маданият_маркази
#Ханарық_Тәрбие
#Ханарық_5_терек_одағы
#Хонариқ
#Ханарық_Каньион_Ақсу