Түркістан облысы, Төлеби ауданы білім бөлімінің Б. Биболатұлы атындағы ЖББМ
Алғыс айту күніне орай игі іс.
Алғыс айту күні қарсаңында "Б. Биболатұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 2.03.2026 жылы табиғатты аялау мақсатында көркем еңбек пәнінің мұғалімі С. Нұрмановтың тағылымды іс-шара ұйымдастырды. Оқушылар құстарға қамқорлық жасап, ағаштарға құс ұяларын орнатты.
Табиғатқа жанашырлық – әрбір адамның азаматтық борышы. Қыстың суығы мен көктемнің құбылмалы күндерінде құстарға қолдау көрсету арқылы оқушылар мейірімділік пен жауапкершіліктің маңызын сезінді.
Бұл игі бастама – табиғатқа деген алғысымыздың нақты көрінісі. Жас ұрпақтың жүрегінде қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен қамқорлық сезімі арта берсін!
#АлғысАйтуКүні #ТабиғаттыАялауsss